Пациенттерді қолдау қызметі

Басты бет / Пациенттерге / Пациенттерді қолдау қызметі

ҚҰРМЕТТІ ПАЦИЕНТТЕР!Біздің емханада «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI Кодексі негізінде Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау (аудит) қызметі құрылды.Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметінің міндеті азаматтардың ТМККК (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі) шеңберінде және МӘМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) жүйесінде сапалы медициналық көмек алуға құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ пациенттерді медициналық қызмет көрсету мәселелерінде қолдау болып табылады.

ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ІШКІ АУДИТ ҚЫЗМЕТІ ҰЙЫМНЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ САПАСЫН БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ ҚЫЗМЕТІН КЕЛЕСІ БАҒЫТТАР БОЙЫНША ҮЙЛЕСТІРЕДІ:

  • Пациенттерге сауалнама жүргізу арқылы медициналық қызметтердің деңгейі мен сапасына қанағаттану дәрежесін зерделей отырып, пациенттердің мәселелерін (шағымдарын) «Осында және қазір» қағидаты бойынша туындауына қарай және (немесе) жеке және заңды тұлға жүгінген кезде шешу, шағымды қарау өтініш келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күнін құрайды;Пациенттерге медициналық көмек көрсету сапасын Денсаулық сақтау саласындағы белгіленген стандарттарға сәйкестігін бағалау (клиникалық аудит) және комиссиялық бағалауға жататын жағдайларды іріктеу;ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде тегін медициналық көмек көрсету қағидаларын сақтау;Жұмыстағы ақаулардың алдын алуға және жоюға, медициналық көмектің сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған бағдарламалық шараларды әзірлеу

ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ІШКІ АУДИТ ҚЫЗМЕТІНЕ КЕЛЕСІ ЖАҒДАЙЛАРДА ХАБАРЛАСА АЛАСЫЗ:

Егер медициналық көмектің сапасына көңіліңіз толмасаМедицина қызметкерінің дөрекі қарым-қатынасына тап болсаңыз;ТМККК және МӘМС шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер үшін медицина қызметкерінің ақшалай қаражатты бопсалау фактілеріне тап болсаңызДенсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары бұзылған кезде (Қабылдауға жазылу, Дәрігерді үйге шақыру, Медициналық ұйымға тіркелу, Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама мен парақ беру, Алдын ала міндетті медициналық тексеруден өту, Емделушілерге емдеуге жатқызу бюросының порталы арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде стационарға емдеуге жатқызуға жолдама беру, Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді алу, Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру, Транспланттау мақсатында қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіндердің бір бөлігін) және (немесе) дене мүшелерін (дене мүшелердің бір бөлігін) өмір бойы ерікті түрде беруге келісімді немесе келісімді қайтарып алуды тіркеу, Шипажай-курорттық емделуге мұқтаждық туралы қорытынды беру, сондай-ақ егер сіз медициналық көмек көрсетудің тәртібі мен сапасына байланысты басқа да проблемалық мәселелерге тап болсаңыз, сіз пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметіне жүгіне аласыз.

ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ІШКІ АУДИТ ҚЫЗМЕТІНЕ КЕЛЕСІ ТЕЛЕФОНДАР АРҚЫЛЫ ХАБАРЛАСА АЛАСЫЗ:

ШЖҚ «Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қалалық емханасы» КМК call-орталығына— 310 45 41

Бірегей call-орталығына — 3000-505

ПҚ және ІА қызметі— 8 (727) 310 45 41

WhatsApp — 8 707 555 74 97