Отбасыны жоспарлау кабинеті

Басты бет / Ақпарат / Отбасыны жоспарлау кабинеті

ҰОСА емханасына тіркелген, құрметті тұрғындар!

Емхананың әйелдер консультациясында отбасыны жоспарлау кабинеті жұмыс жасайды.

Отбасыны жоспарлау кабинетінің мақсаты: әйелдердің ұрпақ жаңғырту денсаулығын сақтау, сау және қаланған балаларды дүниеге әкелу үшін тиімді уақытты таңдау, түсік жасауды және ана өлімін төмендету.

Отбасыны жоспарлау кабинетінің міндеттері:

  1. Отбасыны жоспарлау мәселелері бойынша емхананың басқа бөлімшелерімен өзара әрекеттесу.
  2. Жасанды түсік тастаудың және контрацептивалардың қолданылатын әдістерінің таралуының сараптамасын жасау.
  3. Тіркелген әйелдердің контрацепцияның қай түріне мұқтаж екенін анықтау.
  4. Тұрғындарға жыныстық тәрбие беру, жастарды саналы түрде ата-ана болуға дайындау.
  5. Отбасыны жоспарлау мәселелері бойынша кеңес беру.
  6. Отбасыны жоспарлау мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа санитарлық білім беру.
  7. Тұқым қуалаушылық аурулар және оларды диагностикалау әдістері мәселелері бойынша халыққа білім беру.
  8. Бала көтертпейтін дәрілерді жеке таңдау (оральдық контрацептивалар, жатыр ішілік контрацептивалар, спермицидтер).
  9. Контрацептивалардың түрлі әдістерін қолданатын, пациенттерді бақылау.
  10. Профилактикалық гинекологиялық тексерулер.
  11. Қаланың емдік-диагностикалық мекемелерінде тексерулерге жолдау (көрсетілімдер бойынша).

Отбасыны жоспарлау кабинетінде, 68 каб., дәрігер гинеколог Нурсиханова  Гулбану Тахиевна.
Егер де Сіз отбасыны жоспарлау мәселелері бойынша өзіңізге қажетті ақпаратты алғыңыз келсе (бала көтертпейтін дәрілер, түсік жасау бойынша кеңес алу және т.б.), алдын ала жазылмай-ақ, амбулаторлық картамен №68 кабинетке келіңіз. Кабинеттің жұмыс жасау уақыты 8с.00 мин бастап 15с. дейін.