Негізгі мазмұнға өту

Бас дәрігер өмірбаяны

Басты бет / Бас дәрігер өмірбаяны

Қайдаров Мұрат Уәлиханұлы 1988 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын Талдықорған қаласының Орталық қалалық ауруханасында учаскелік дәрігер қызметінен бастап, кейін шаруашылық есептегі бөлімшенің меңгерушісі болып тағайындалған.

1997 жылы Семей қаласына қоныс аударуына байланысты Жедел медициналық жәрдем ауруханасында Медициналық орталықтың меңгерушісі, ал 2001 жылдан бастап маркетинг және заң мәселелері бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеген.

2004 жылы «Семей Фарм» МКҚК директоры болып тағайындалған.

2008–2009 жылдары Отан соғысы мүгедектеріне арналған Республикалық клиникалық госпиталь бастығының экономика мәселелері жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.

2009 жылғы желтоқсаннан 2018 жылғы қыркүйекке дейін денсаулық сақтау жүйесінде басшылық қызметтер атқарған.

2016 жылғы 1 қыркүйектен 2018 жылғы 1 қазанға дейін «С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» ШЖҚ РМК Профессорлық клиникасының директоры болып жұмыс істеген.

2018 жылғы 2 қазаннан 2019 жылғы 24 маусымға дейін «Даму» ақпараттық технологиялар орталығы» ЖШС-нің өңірлік директоры қызметін атқарған.

2019 жылғы 25 маусымнан 2020 жылғы 21 қыркүйекке дейін «StarMed Almaty» медициналық орталығының кеңесшісі, ал 2020 жылғы 21 қыркүйектен 2023 жылғы 3 ақпанға дейін аталған медициналық орталықтың директоры болып жұмыс істеген.

2023 жылғы 6 ақпаннан бастап Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының «Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының бас дәрігері болып тағайындалған.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған.