Тарихы

Емхана егде жастағы адамдарға, ҰОСА ардагерлеріне және оларға бекітілген тұлғаларға көмек көрсету бойынша қалалық ұйымдастырушылық-әдістемелік орталық болып табылады.  

Емханада геронтологиялық бөлімше, 2 терапиялық бөлімше, тар көлемді мамандар бөлімшесі, әйелдер консультациясы, 30 төсек орынға арналған күндізгі стационар, физиотерапиялық бөлімше, рентген қызметі, стоматологиялық және тісті протездеу бөлімшесі, инфекциялық кабинеті, зертхана және әкімшілік-шаруашылық бөлімі жұмыс жасайды.Дәрігер мамандығының 17 түрі бойынша көмек көрсетіледі.

Қаланың медициналық мекемелерінің арасынан дара болып табылатын, емхана соғыс ардагерлеріне және қариялар мен қарт адамдарға көмек көрсетеді. Күндізгі стационарда медициналық көмек көрсетудің және түрлі нозологиялар бойынша емдеудің стандарттары әзірленіп, белсенді енгізілуде.Емделген науқастардың 70%-н егдей жастағы адамдар құрайды.

Алматы қ. Әкімінің шешімі негізінде 2007 жылы емханада Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне және еңбек майданының қатысушыларына, Интернационалист жауынгерлерге, Чернобыль апатына қатысушыларға, Семей ядролық полигонына қатысы бар азаматтарға, репрессияға ұшырағандарға стоматологиялық қызмет көрсету бойынша (тісті протездеу) тісті протездеу бөлімшесі ашылды.

Емхана Алматы қаласының бүкіл геронтологиялық қызметінің ұйымдастырушылық-әдістемелік орталығы болып табылады.Оның жұмысы диагностика сапасын, геронтологиялық бағытындағы науқастарды тиімді емдеудіжетілдіруге, барлық мамандықтағы дәрігерлер біліктілігін арттыруға, ауруға шалдығу және өлім жағдайларының қарқынын сұрыптауға бағытталған.