Author: admin_vovpol

Басты бет / admin_vovpol
Құрметті Қазақстандықтар!
Жазба

Құрметті Қазақстандықтар!

Құрметті Қазақстандықтар! Сіздерді Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Ұлыстың ұлы күні елімізге құт – береке әкелсін. Халқымызға – ынтымақ, елімізге молшылық жылы болсын. Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке және табыс тілейміз! Әз-Наурыз әр шаңыраққа шаттық пен қуаныш әкелсін! Ұлыс оң, ақ мол болсын! Құрметпен, ҰОСА ҚЕ!

Бұл жай ғана киім емес, бұл тамаша оқиға!
Жазба

Бұл жай ғана киім емес, бұл тамаша оқиға!

Ұлттық киім – кез келген халық мәдениетінің ажырамас бөлшегі. Ол жай ғана киім емес, бүтін ұлттың бет-бедерін айқындар ұлан-ғайыр тарих. Сан ғасырлық тарихы бар ұлттық киімдерімізді қастерлеп, келер ұрпаққа да жеткізсек екен деген ниетпен, ҰОСА қалалық емханасының дәрігерлері мен қызметкерлері мерекеге орай ұлттық киімде киініп келіп, бастамаға атсалысты.

Береке мен бірлік мерекесі.
Жазба

Береке мен бірлік мерекесі.

14 наурыз – Көрісу күні. Адамдар осы күні бұрынғы өкпе-ренішін кешіріп, бір-біріне амандық-саулық тілейді. Береке мен бірліктің мейрамы Көрісу күні құтты болсын! Бір жастарыңызбен! Құрметпен, ҰОСА ҚЕ.

Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні қарсаңында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қалалық емханасында қалалық сейсмикалық жаттығулар өтті.
Жазба

Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні қарсаңында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қалалық емханасында қалалық сейсмикалық жаттығулар өтті.

Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні қарсаңында 23 ақпан күні сағат 10:00-де Ұлы Отан Соғысы ардагерлерінің қалалық емханасы қызметкерлерімен және пациенттерімен бірлесіп жаттығу эвакуациясын өткізді.  

2024 жылдың 10 ақпанында ҰОС ардагерлерінің қалалық емханасы Ашық есік күнін өткізеді
Жазба

2024 жылдың 10 ақпанында ҰОС ардагерлерінің қалалық емханасы Ашық есік күнін өткізеді

2024 жылдың 10 ақпанында Ұлы Отан Соғысы ардагерлерінің қалалық емханасында С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің, Қазақ-Ресей медициналық университетінің бейінді мамандарының қатысуымен (уролог, окулист, невропатолог, лор, кардиолог), Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толуына орай ашық есік күні өткізіледі. Өткізілу уақыты: 09:00-13:00 Барлық сұрақтар бойынша хабарласыңыз: 8(727) 292-58-98

Құрметті Қазақстандықтар!
Жазба

Құрметті Қазақстандықтар!

Сіздерді келе жатқан жаңа 2024 жылмен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, ауызбіршілігіміз берік болып, жарқын болашаққа деген сенім нық болсын! Жаңа Жыл — бірлік пен татулықтың жылы болсын! Әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, жанұяларыңызға аманшылық пен бақ – дәулет, еңбектеріңіз жемісті, өмір жолдарыңыз сәттіліктер...