8 сәуір мен 8 мамыр аралығында қалада «Алматы — біздің ортақ үйіміз»
8 сәуір мен 8 мамыр аралығында қалада «Алматы — біздің ортақ үйіміз» науқаны өтеді. Мегаполистің барлық ауданын қамтитын науқанға Алматының әрбір тұрғыны мен қонағы қатыса алады.
Басты мақсат — қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.
🌳 Науқанды өткізу кезеңдері:
1. «Біздің қала — біздің көшелер» (8-14 сәуір)
2. «Біздің қала — біздің аула, біздің үй» (15-21 сәуір)
3. «Біздің қала — біздің тау, өзен мен көлдер» (22-28 сәуір)
4. «Біздің қала — біздің мақтаныш» (29 сәуір — 8 мамыр)
🧹 Науқан барысында атқарылатын жұмыстар:
— Павильонды, бағдаршамды, өткелді, қоқыс жәшігін, орындықты, ескерткішті жуу мен жөндеу.
— Саябақты, көшені, тротуарды, арық желісін тазалау.
— Жарық нүктесі мен маңдайшаны жаңғырту, ағаш отырғызу.
Толығырақ almaty.kz сайтында.
Науқанға атсалысыңыз, Алматыны көркейтейік, одан әрі әсемдейік!