1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні

Қазақстан халықтарының бірлігі күні – Қазақстанда жыл сайын тойланатын мереке. «Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған.

Сондықтан да Қазақстан халқы 1 мамыр ынтымақ пен бірлік күнін тойлайды. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мерекенің орны ерекше.

Жыл сайын атаулы мерекеге Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі, еліміздегі ұлтаралық татулық, ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін.

Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Құрметті отандастар!

Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!  1-Мамыр – әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен ұлтаралық бірлік, жалпыұлттық келісім мерекесі.

Елімізде қалыптасқан ұлттар мен ұлыстар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз күннен-күнге өркендеп, ілгері дамуда.

Қазіргі таңда қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді сақтау — басты міндет! «Бірлік бар жерде – тірлік бар». Еліміздің ынтымағы нығайып, береке-бірлігіміз арта берсін!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!