Осы сенбі күні (18.07.2026 ж) емханада флюорографиялық тексеру жүргізілетінін хабарлаймыз. Сіздерді өз денсаулықтарыңызға жауапкершілікпен қарап, профилактикалық тексеруден өтуге шақырамыз.
Флюорография — өкпе ауруларын, соның ішінде туберкулезді ерте кезеңде анықтаудың ең тиімді және маңызды тәсілдерінің бірі. Туберкулез ауруы бастапқы кезеңде көп жағдайда белгісіз өтуі мүмкін. Уақытылы тексеруден өту арқылы аурудың алдын алып, өз денсаулығыңызды және жақындарыңызды қорғауға мүмкіндік аласыз.
Тұрақты түрде флюорографиядан өту:
* туберкулезді ерте анықтауға;
* өкпе ауруларының алдын алуға;
* денсаулықты бақылауда ұстауға көмектеседі.
Денсаулық — ең үлкен байлық!
Уақытылы тексеруден өтіп, өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыздар!

