Құрметті емделушілер!!!

Құрметті емделушілер!!!

«СК-Фармация» ЖШС пациенттер мен халық үшін ақпараттың қолжетімділігін арттыруға, сондай-ақ байланыс орталығымен өзара әрекеттесуді оңтайландыруға бағытталған чат-бот әзірлегенін хабарлаймыз.
Чат-бот пациенттерге ыңғайлы форматта анықтамалық ақпарат алуға, жиі қойылатын сұрақтарға жылдам жауап табуға, сондай-ақ дәрілік заттармен қамтамасыз ету мәселелері бойынша өтініштер жіберуге мүмкіндік береді. Бұл құрал пациенттердің дәрілік заттармен қамтамасыз ету жүйесімен өзара әрекеттесуін жеңілдетуге, қажетті ақпаратты алу уақытын қысқартуға және өтініштерді қараудың оперативтілігін арттыруға бағытталған. Сонымен қатар, чат-бот пациенттердің өтініштерін тіркеуге мүмкіндік береді, сосын қарау және жауап дайындау үшін сәйкес құрылымдық бөлімшелер мен өңірлік өкілдерге жіберіледі. Бұл өтініштерді өңдеудің ашық бақыланатын процесін қамтамасыз етеді.