При возникновении неясных вопросов по короновирусной инфекции...
+7 (727) 313-28-04
Единый городской медицинский Call-центр г. Алматы
8(727) 300 505 (стационарный номер ) 13,12 (для сотовых операторов).

Қазақстан Президенті Қ. Тоқаев барлық қазақстандықтар үшін МӘМС жүйесіндегі жеңілдікті кезеңді 2020 жылдың 1 сәуірінен 1 шілдесіне дейін ұзартуды тапсырды
«Сақтандырылмаған азаматтардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алу құқығын 1 сәуірден 1 шілдеге дейін ұзартуды тапсырамын. Осы кезеңде медициналық мекемелерде азаматтарға қызмет көрсету МӘМС қатысушысы мәртебесіне қарамастан толық көлемде жүзеге асырылуы тиіс», – деп атап өтті Қ. Тоқаев бүгін коронавирусқа қарсы күрес жағдайындағы дағдарысқа қарсы шаралар бойынша өзінің мәлімдемесінде. Естеріңізге сала кетейік, бұрын қабылданған шешімге сәйкес барлық азаматтар медициналық көмекті 2020 жылдың 1 сәуіріне дейін «шартты түрде сақтандырылған» мәртебесінде ала алды. Енді ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін елдің барлық тұрғындары маманның көрсеткіштері мен жолдамасы бойынша ТМККК және МӘМС пакеттері шеңберінде оларға тиесілі медициналық қызметтерді кедергісіз алуды жалғастырады. Осы...

Жұмыс берушілер МӘМС жайлы не білуі керек?
ЕГЕР СІЗ ЖҰМЫС БЕРУШІ БОЛСАҢЫЗ ҚАШАН ТӨЛЕЙМІЗ? 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап ай сайын КІМ ҮШІН? Қарамағыңыздағы қызметкерлер үшін ҚАНША? 22017 жылы жұмыскер жалақысының 1%, 2018-2019 жылдары 1,5%, 2020 жылы – 2%, 2022 жылдан бастап 3% МАҢЫЗДЫ: Егер қарамағыңыздағы жұмыскерлер арасында жеңілдігі бар 15 санатқа жататын азаматтар болса (осы жерден қараңыз), олар үшін жарна төлеудің қажеті жоқ. Бұл санаттағы азаматтарды мемлекет сақтандырады. НЕ ІСТЕУІМ ҚАЖЕТ? 1 қадам. Жарнаны ЕДБ-тің немесе «Қазпошта» АҚ-ның кез-келген бөлімшесі арқылы аудару Мына шотқа: KZ92009MEDS368609103 БСН 160440007161 БСК GCVPKZ2A ТӨЛЕМНІҢ МАҚСАТТЫ КОДЫ (ТМК) – 121 МАҢЫЗДЫ: Алушының аты-жөні мен ЖСН дұрыс көрсетіңіз 2 қадам: Қаржының қайтқан-қайтпағанын...

2019 жылдың 9 маусымында Қазақстан Республикасының Президентінің сайлауы өтеді
2019 жылдың 9 маусымында Қазақстан Республикасының Президентінің сайлауы өтеді. Сайлауға қатысу әрбір қазақстандықтың құқығы әрі азаматтық жауапкершілігі. Біздің еліміз болашағы Сіздің дауысыңызға байланысты. Өзіңіздің және жақындарыңызды сайлаушылар тізімінен дәл қазір тексеріп көріңіз. Бұл мүмкіндік туралы өзгелерге айтып беріңіз. Сілтеме: https://www.almaty.gov.kz

Елімізде 179 мың адам онкодиспансерде есепте тұр
Олардың 13 пайызға жуығы сүт безінің қатерлі ісігіне шалдыққан әйелдер, екінші орында өкпе обыры тұрса, асқазан рагы алғашқы үштікке енді. Бұл туралы бүгін Алматыда дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күніне байланысты өткен жиында айтылды. Осыған байланысты елімізде 10 күндік шара басталды. Еліміздің түпкір-түпкіріндегі кез-келген тұрғын онкодиспансерлер мен онкоорталықтарға барып скринингтен өтіп, дәрігердің кеңесін тегін ала алады. Жалпы биыл мемлекет онкологиялық скринингке қазынадан 4,3 млрд теңге бөліп отыр. Онкологтардың пікірінше, қазір тік ішек пен тоқ ішектің обыр дертінің белгілерін бірден байқалмайды. Науқастардың көбі дерті дендеп, аурудың 3-4-ші сатысында келеді екен. Бір ғана Алматының өзінде скринингтен кейін тіркеуге алынғандар саны 25 пайызға көбейген....