7 мамыр Отан қорғаушылар күні

7 мамыр – Тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштер күні.

Дәл осы күні 1992 жылы Қазақстан Президенті «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы» Жарлыққа қол қойды.

Бұл күнді тойлау қазақстандық жауынгерлердің дәстүріне айналған.

Мереке құтты болсын, құрметті Отан қорғаушылар!

Отанға деген сүйіспеншіліктеріңіз бен батылдықтарыңыз үшін, ерліктеріңіз бен патриоттық сезімдеріңіз  үшін Сіздерге шын жүректен алғыс айтамыз.

Сіздерге ашық аспан, сәулесін шашқан жарық күн, тұрақтылық пен сенімділікті тілейміз! Сізге және сіздің жақындарыңызға бейбітшілік, жақсылық пен амандық, жұмыстарыңызға береке тілейміз!