Ерболат Досаев «Алматы — біздің ортақ үйіміз» айлық науқанының басталғанын хабарлады. Қала әкімі үндеуінде әрбір тұрғынды жалпы іс-шараларға қатысуға, экологиялық акцияларға атсалысуға және Алматы дамыту мен көркейтуге үлес қосуға шақырды.
«Мақсат — біздің сүйікті қаламызды көркейтіп, одан әрі әсемдегісі келетін тұрғындарды біріктіру. Бұл тазалық пен тәртіпке ғана емес, сонымен бірге өзіміз жасаған құндылықтарға ұқыпты қарауға да қатысты», — деді қала басшысы.
Әкімнің тапсырмасымен науқанға қаланың барлық коммуналдық қызметі, аудан әкімдіктері белсенді қатысады.
«Құрметті қала тұрғындары! Мемлекет басшысы Алматы еліміздің ең мәдени және таза қаласы болуға тиіс деп есептейді! Мен сүйікті шаһарымыздың ару да әсем мәртебесін растап, бәріміз сол жолда күш салатынымызға сенімдімін!», — деді қала әкімі Ерболат Досаев.