Бүгінгі біздің еліміздің Ата заңы-Конституция күнімен барлықтарыңызды құттықтаймын! Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңда бекітілген республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді.
Қазақстан халықаралық қоғамдастықта лайықты орын алып, биік белеске көтерілгені осының айғағы.
Еліміз тыныш, жұртымыз аман болғай! Көк байрағымыз көгімізде желбірей берсін! Ана тіліміздің мәртебесі көтеріле берсін!
Денсаулықтарыңыз зор болсын!
Отбасыларыңызға үлкен-үлкен бақыт тілеп, еңбекте шалқар табыстарға жете беріңіздер демекпін!