ЕГЕР СІЗ ЖҰМЫС БЕРУШІ БОЛСАҢЫЗ
ҚАШАН ТӨЛЕЙМІЗ?
2017 жылдың 1 шілдесінен бастап ай сайын
КІМ ҮШІН?
Қарамағыңыздағы қызметкерлер үшін
ҚАНША?
22017 жылы жұмыскер жалақысының 1%, 2018-2019 жылдары 1,5%, 2020 жылы – 2%, 2022 жылдан бастап 3%
МАҢЫЗДЫ:
Егер қарамағыңыздағы жұмыскерлер арасында жеңілдігі бар 15 санатқа жататын азаматтар болса (осы жерден қараңыз), олар үшін жарна төлеудің қажеті жоқ. Бұл санаттағы азаматтарды мемлекет сақтандырады.
НЕ ІСТЕУІМ ҚАЖЕТ?
1 қадам.
Жарнаны ЕДБ-тің немесе «Қазпошта» АҚ-ның кез-келген бөлімшесі арқылы аудару
Мына шотқа:
- KZ92009MEDS368609103
- БСН 160440007161
- БСК GCVPKZ2A
- ТӨЛЕМНІҢ МАҚСАТТЫ КОДЫ (ТМК) – 121
МАҢЫЗДЫ:
Алушының аты-жөні мен ЖСН дұрыс көрсетіңіз
2 қадам:
- Қаржының қайтқан-қайтпағанын 2-3 жұмыс күні ішінде тексеріңіз
- Егер ақша қайтарылмаса, Сіздің жұмыскерлеріңіз сақтандырылғандар тізіміне енгізілді деген сөз.
- Егер ақша кері қайтса, деректерді қайта тексеріңіз.
Жиі кездесетін қателер
- Алушының аты-жөні мен ЖСН дұрыс көрсетілмеген;
- Мөлшерлеме қате есептелді және жарна есептеу объектісі 15 ЕТЖ асып кеткен
3 қадам:
Есептілікті дайындау және салық әкімшілігіне тапсыру
4 қадам:
Жұмыскерлеріңізге сақтандыру төлемдерінің аударылғаны туралы хабарлаңыз
АЙЫППҰЛДАР:
Міндетті сақтандыру жарнасына қатысты қарыздарды өтеуге болады. Бірақ кешіктірілген әр күн үшін (қорға жарна төлейтін күнді қоса алғанда) қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде өсімақы төленеді.
МАҢЫЗДЫ:
Төленетін қарыз мөлшері 12 айлық мерзімнен аспайды.
МӘМС ПАКЕТІНЕ КІРЕТІН ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ
1) емханалық-амбулаторлық көмек (әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган тарапынан бекітілген тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққандарға көрсетілетін медициналық көмекті қоспағанда):
- алғашқы медициналық-санитарлық көмек;
- алғашқы медициналық-санитарлық көмек маманының және салалық мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмек;
2) дәрігердің рецептісі бойынша амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;
3) стационарлық көмек (әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган тарапынан бекітілген тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққандарға көрсетілетін медициналық көмекті қоспағанда):
- ауруханаға жоспарлы жатқызу саны шеңберінде, алғашқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе өзге медициналық ұйымның жолдамасы бойынша көрсетілетін жоспарлы стационарлық көмек; бұған жоғары технологиялы медициналық қызметтер де кіреді;
- шұғыл көрсетілімдер бойынша – алғашқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе өзге медицина ұйымының жолдамасы бар-жоғына қарамастан;
4) алғашқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе өзге медицина ұйымының жолдамасы бойынша – стационарды алмастыратын көмек (әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган бекіткен тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққандарға көрсетілетін медициналық көмекті қоспағанда).
НЕ ӨЗГЕРМЕЙДІ?
Мемлекет тегін медициналық көмектің мынадай түрлеріне кепілдік береді:
1) жедел медициналық жәрдем және санитарлық авиация;
2) әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган тарапынан бекітілген тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққандарға, сондай-ақ, Қазақстан республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңы бойынша МӘМС жүйесінде медициналық көмек алуға құқығы жоқ тұлғаларға көрсетілетін емханалық-амбулаторлық көмек. Оған мыналар кіреді:
- алғашқы медициналық-санитарлық көмек;
- алғашқы медициналық-санитарлық көмек маманының және салалық дәрігердің жолдамасы бойынша көрсетілетін консультациялық-диагностикалық көмек;
- әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган тарапынан бекітілген тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққандарға көрсетілетін жоспарлы стационарлық көмек – жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу саны шеңберінде бастапқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе өзге медициналық ұйымның жолдамасы бойынша;
- шұғыл көрсетілімдер бойынша – жолдаманың бар-жоқтығына қарамастан;
4) алғашқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе өзге медициналық ұйымның жолдамасы бойынша, әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган тарапынан бекітілген тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттар кезінде стационарды алмастыратын көмек;
5) профилактикалық екпелер.